Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады.
«07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.