«Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіледі. Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылатын «Adal kómek» жобасы офлайн-форматқа көшеді.
Халықпен түсіндіру кездесулері апта сайын бейсенбі күні Жамбыл облысының «ANTIKOR ORTALYǴY» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сервис орталығының ғимаратында өткізіледі.
Тақырып пен спикер көрсетілген кездесулер анонстары әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің ресми сайтында орналастырылады www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер беттерінде жарияланған.
Ағымдағы жылғы 28 шілдеде сағат 16:30-да Жамбыл облысы заң консультанттары палатасының мүшесі Нұрила Әмірова азаматтарға тегін заң көмегін көрсетеді.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала WhatsApp нөмірі бойынша жазылу қажет
8 774 503 07 49.