Жамбыл облысында барлау бөлімшелерінің дәстүрлі далалық жиыны өтті

0 21

Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің дәстүрлі далалық жиыны өтті. Бір ай көлемінде барлаушылар полигонда өз міндеттері бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Осы уақыт аралығында жас әскери қызметшілер әскери барлау жүргізуде тәжірибе жинақтаса, ал тәжірибелі әскерилер біліктіліктерін шыңдады.

Жаңадан келген, не болмаса қызмет тәжірибесі мол барлаушылар үшін де далалық лагерь жиыны жылдық емтиханның бір түрі іспетті. Полигонда барлау бөлімшелерінің жауынгерлері үлкен физикалық жүктемелерге байланысты күрделі сынақтардан өтіп, олар барлауда қызмет етуге лайықты екенін дәлелдеді.
Барлаушылар қызметінің ерекшелігі – олар негізгі жауынгерлерлік топтардан бөлек, жау тылында әрекет етіп, тек өздеріне және жауынгерлік қабілеттеріне ғана сене алады. Сондықтан, топ құрамындағы әр барлаушы әмбебап сарбаз болуы керек. Яғни, жерді бағдарлай білу, нысандарды миналау, байланыс орнату, оқ ату, жекпе-жек өнерін меңгеру, физикалық жағынан мықты және шыдамды болуы шарт.
– Барлаушылар тек шыдамды және дене даярлығы мықты ғана болмай, кез кез келген сәттерде жедел шешім қабылдап, зерек, білімді болуы шарт, – подполковник Ербол Сергазин, «Оңтүстік» ӨңҚ барлау басқармасының бастығы айтады.
Осы дағдылардың барлығын жетілдіру үшін ұйымдастырушылар жиын бағдарламасын егжей-тегжейлі ойластырған. Әр сағат, тіпті әр минут сайын барлаушыларға нақты ұрыс жағдайында орындауы керек тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, күн сайын физикалық күш те арта түсті десе болады.
Жиын барысында барлау бөлімшелерінің жауынгерлері бірнеше шақырымға марш жасап, аумаққа барлау жасап, торуыл ұйымдастырып, шартты қарсыласқа тұтқиылдан шабуыл жасады. Түнгі көру құралдарын қолдана отырып нысаналарға оқ атуларды жүзеге асырды.
Барлаушыларды дайындаудағы маңызды бағыттардың бірі таулы жерде атыс жүргізу. Бұл жауынгерлік қызметтің ең қиын түрі болып саналады. Өйткені, оқ атудың тиімділігі оқ ату кезінде баллистикалық ерекшеліктерді білу, сондай-ақ тау жағдайында ату әдістерін қолдану арқылы артады.
Барлаушылар үшін атыс дайындығы барысында тікұшақтан оқ ату жаттығуы ерекше маңызға ие. Оны орындаудың күрделілігі барлаушылар жоғары биіктіктен нысанаға дәл тигізуі керек. Оқу-жауынгерлік міндетті орындау үшін ара қашықтықты, желдің екпінін, түкұшақтың биіктігі мен жылдамдығын ескеру қажет.
Бір ай ішінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің әскерилері нақты жауынгерлік, қарқынды даярлыққа жақындатылған жағдайларда өздерінің кәсіби деңгейін арттырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.