Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шынның жүзі-Шераға» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шынның жүзі-Шераға» облыстық жас ақындар мүшәйрасы Шерхан Мұртазаның туған елі, кіндік қаны тамған жері Талапты ауылда ұйымдастырылды.
Мүшәйраға облыс аудандарынан және Тараз қаласынан барлығы 23 ақын қатысты.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын әнші-сазгер Үміт Битенова, Айтыскер ақын, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі Есет Досалы, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметшісі Байдалиев Даулетжан және «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің бас редакторының орынбасары Дербісалиев Нұржан жыр мүшәйрасында төрелік етті.
Мүшәйраның салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова сөз сөйлеп, жас жазба ақындарға сәттілік тіледі.
Жыр додасы ережеге сәйкес І кезеңнен тұрды. Шерхан Мұртазаға арналған — бір өлең, өлең 8 шумақтан кем болмауы тиіс. Ақындардың шығармашылығын мәнерлеп оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына үлкен мән берілді.
Сайыс соңында қазылар алқасының шешімі бойынша І-орынды Тараз қаласының атынан қатысықан жас ақын Аят Бәтей жеңіп алды. ІІ орын Жуалы ауданынан нұрлыкенттік жас ақын Санжар Даярбекке берілді ал, ІІІ орын Талас ауданынан келген үміткер Айсұлу Жүнісбек пен Байзақ ауданының атынан қатысқан Нұрбек Шыңғысбай иелінді. «Жас қалам» және «Поэзияға адалдығы үшін» деп аталатын екі номинацияға жамбылдық Алина Айдаралы және байзақтық Бексұлтан Қоштаевқа берілді. Облыстық мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлерін қазылар алқасының мүшелері марапаттап, Дипломдар және арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтарды табыстады.
Сонымен бірге, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арналған кітап көрмесі және авторлық дүниелердің үлкейтілген макеттері де іс-шараға келушілердің назарын өзіне аударды.