Тараз металлургиялық зауытының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

0 11

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерімен 2022 жылғы 12 қыркүйекте Тараз металлургиялық зауытының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Аталған оқу-жаттығуға Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері (№4 Өрт сөндіру бөлімі, №1 және №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері),Кезекші өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды. Барлығы: 11 бірлік техника және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 67 адам қатысты.

Оқу – жаттығудың басты мақсаты — өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының нысандағы шартты өртті сөндіру тактикасы мен ұйымдастырудың өзге де мәселелерін тәжірибелік пысықтау, сондай-ақ нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес электр сымдарының қысқа тұйықталуынан 13 тонна майы бар трансформатор өртке оранған. Адамдардың өміріне, қызмет көрсететін қызметкерлерге және өрттің таралуына қауіп төнген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.