Ашық есік күні өтті

0 27

Құтқарушылар күніне орай Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері No2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде нөмірі 41-ші гимназия оқушылары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Балаларға өрт сөндіру-құтқару техникасы мен құрал-жабдықтары көрсетілді, сонымен қатар өрт сөндірушілердің ерлік істері туралы айтылды.

Көпсалалы гимназия оқушыларының экскурсиясы өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасын тексеруден басталды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Жас құтқарушы» үйірмесінің мүшелеріне өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер қалай әрекет ету керектігі туралы айтып берді.

Одан кейін мектеп оқушылары 2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің мұражайында сақтаулы тұрған жәдігерлермен танысты.Балаларға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құрылу тарихы баяндалып, ержүрек өрт сөндіруші-құтқарушылар туралы айтылды. Өз кезегінде студенттер оқу сапары үшін департамент пен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеттерінің алгоритмін көрсетті. Акт залында өрт тақырыптары бойынша сабақ өткізіліп, оның барысында сурет және оқу-жаттығу бейнероликтері көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.