Мойынқұмдағы 21 елді мекенге ауыз су кіргізілген

0 8

Мойынқұм ауданында халықты таза ауыз сумен қамту жұмыстары 95- пайызға жуықтады. Тіпті, мұндағы шалғай жатқан Ұланбел, Қараөзек секілді ауылдар да бүгінде сапалы сумен қамтылып отыр. Ал, ағымдағы жылы Көкжелек, Бірлік ауылдарына су кіргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бірлік ауылында осыдан бірнеше жыл бұрын таза ауыз су тарту жұмыстары басталып, кейін мердігерлердің жауапсыздығы салдарынан ол тоқтап қалған еді. Алайда, биылдан бастап онда жұмыстар қайта жанданды. Мұндағы жерасты суларының сапасы анықталып, қазір мембрандық технология бойынша жүзеге асырылуда. Яғни, шыққан су қайтадан арнайы сүзгіден өтіп барып халыққа беріледі.

Дәл осындай қарқында жұмыстар Көкжелек ауылында да жалғасып жатыр. Көкжелектік ағайын ұзақ жылдар таза ауыз суды күткендерін айтады. Сол тілектері орындалып, бүгінде ауыл шетінен үлкен ұңғыма қазылып, қазір скважина орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауылда да таза су алу жұмыстары мембрандық әдіспен іске асырылады.

: Жалпы, Мойынқұм ауданы бойынша 24 ауылдық округ болса соның 21-іне таза ауыз су кіргізіліп отыр. Ал, қалған 3 округ алдағы жылдары толығымен шешілетін болады дейді аудан басшылығы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.