«Шерхан оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0 13

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай жазушы шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Шерхан оқуларын» өткізді. Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 17-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Байқау шарттары бойынша «Шыңның жүзі — Шераға» (үй тапсырмасы) кезеңінде үміткерлер Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер мен қызықты мәліметтерді арқау еткен бейнеролик әзірлеп ұсынса, «Аңыз тұлға-Шер-Аға!» кезеңінде ұяшық таңдау арқылы жазушы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Шырақшысы шындықтың» кезеңінде Шер ағаға арналған арнау өлеңдерді мәнерлеп жатқа орындады, «Бір кем дүние» бөлімінде жазушы шығармаларынан жатқа үзінділер оқыды.

Сондай ақ байқауға жоғары дайындықпен, тың ізденіспен келген жастардың шығармашылығы мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктері қуантты.

Нәтижесінде тараздық Ерлан Нұрланов бас жүлдені, жуалылық Қуаныш Сүйінбай І орынды, Мойынқұм ауданынан келген Кәрім Сүйінбекұлы ІІ орынды, сарысулық Ерболат Ильясов пен байзақтық Назгүл Абдықалықова ІІІ орынды иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.