Мойынқұмда 24 ауылдық елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

0 13
Мойынқұмда 24 ауылдық елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков айтты.
Биылғы жылы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жобалық құны 1 млрд. 461,3 млн. теңге болатын «Ақсүйек ауылын ауыз сумен жабдықтау және су тарату жүйесі» нысаны құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023 жылы аяқталып, нысан пайдалануға берілетін болады.
Көкжелек ауылының магистралдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жобалық құны 423,7 млн. теңге. Жоба 2023 жылы аяқталып, нысан пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Бірлік ауылында тазарту қондырғысы құрылысы жүргізілуде, жоба құны 338,9 млн. теңге.
«Ауыз сумен қамтылмаған өзге елді мекендер облыстың 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес алдағы жылдары атқарылатын болады. Атап айтқанда Ақбақай ауылындағы магистралдық және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы 2024 жылға, Қашқантеңіз және Бурылбайтал ауылдарындағы ауыз сумен қамсыздандыру жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр» – деді Ә. Әбілашұлы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.