Мойынқұм ауданында 2 ірі жоба іске асырылады

0 5

Мойынқұм ауданы экономикасының негізгі қозғаушы саласы өнеркәсіп саласы екендігі белгілі. Жыл басынан бері 74,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  8,9 млрд. теңгеге артып отыр.

Атап айтқанда 1434,0 кг алтын, 231,0 кг күміс, 1170,0 мың тонна цемент, 12,0 мың тонна гранит, 70,0 мың тонна көмір және 62,4 мың тонна барит рудасы өндірілді.

Ағымдағы жылы ауданда 2 ірі жоба іске асырылады:

  • Мирный ауылындағы «Turan Industry» ЖШС-нің табиғи тастан

қаптау плитасын өндіру жобасы. Жоба құны 500,0 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы 1 170,0 млн. теңгенің өнімін өндіру.

  • Мыңарал ауылындағы «Satellite GS» ЖШС-нің құрамында

алтыны бар кенді өндіру жобасы. Жоба құны 500,0 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы – 900,0 млн. теңгенің өнімін өндіру

Аталған кәсіпорындар ағымдағы жылдың желтоқсан айында ашылатын болады. Бұл жобалардың жүзеге асуы өнеркәсіп өнімінің жылдық көлемін 2,1 млрд. теңгеге арттыруға ықпалын тигізетін болады. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл қорытындысымен 91,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 9,0 %-ға артатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.