Жамбыл облысында ажырасу көрсеткіші 17%-ға кеміген

0 13

Аймақта ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 17%-ға кеміген. Бұл туралы статитсика департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

2021 жылы 2606 ерлі- зайыпты отбасы болудан заңды түрде бас тартса, 2022 жылы едәуір азайған, яғни бұл көрсеткіш 2164-ті құрады. Қалалық жерлерде 1340 ажырасу тіркелсе, ауылдық жерде 824 азамат өз некесін бұзған. Ерте отбасын құру, әлеуметтік ахуалмен қатар түрлі себептерді алға тартып екі жаққа кеткендердің ең азы Мойынқұм ауданында болса, басым көпшілігі Талас ауданында. Нақтылап айтсақ Моынқұмда – 43, Жуалыда – 60, Сарысуда – 65 және Талас аудандарында – 79-ы тіркелген.
Жалпы ажырасу көрсеткіші – 1000 адамға шаққанда 1,78.
Ажырасулардың негізгі үлесі, жалпы санның 29,4% некеде тұрғандары 5-9 жылға созылған адамдар тобына кіреді. Некелері 10 жылдан асқан адамдар арасындағы ажырасу үлесі – 28,9%, 2-4 жыл тұрғандар – 23,8%, бір жылдан кейін – 11,8%, некеге тұрған күннен бастап бір жыл ішінде екі жаққа кеткендердің үлесі — 6% құрады. Облыста ажырасу көрсеткіші ғана емес некеге тұру да 0,1%-ға азайған. 2022 жылы 7461 неке тіркелсе, оның оның 3487-сі қалалық жерге тиесілі. Некенің ең көп саны Тараз қаласында – 2861, Қордай – 1070, Шу – 666 және Байзақ аудандарында – 572 тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.