Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылады

0 19

2023 жылы аймақта 1937 орындық 17 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін мектепке дейінгі біліммен қамтылатындардың көрсеткіші 94,2%-ға жетеді,  -деп жазады «ZhambylNews» АА.

Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. 4 бағытта тұратын жобаның міндеттерінің бірі-
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз ету.
Облыста 59 мыңнан астам ) баланы қамтитын 573 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 343-і мемлекеттік болса ), 230-ы жеке меншік болып табылады.
Өткен жылы 20 жекеменшік балабақша ашылып, 2270 орын іске қосылған.3-6 жас арасындағы балалардың қамту үлесі 100%-ды құраса, 2-6 жас арасындағы балалардың қамту үлесі — 94,1% құрайды.
-Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші бойынша өткен жылы Жобада белгіленген жоспар орындалды.
2023 жылы бекітілген қадамдық жоспарға сәйкес 1937 орындық 17 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр, жыл соңына дейін көрсеткіш 94,2%-ға жетеді.
2025 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесін 95%-ға, 2028 жылға қарай 100%-ға жеткізу көзделген,-дейді білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбеков.
Бас ұстаз бұдан өзге ұлттық жобадағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту бойынша да айтып өтті. .
Биылғы оқу жылында аймақтағы 6233 ерекше білім алуды қажет ететін бала біліммен және тәрбиемен қамтылған болса, өткен жылы 4949 балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілген. Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.