Бүгін Таразда 2020 жылы жұмысын бастаған ерекше балаларға арналған «Зерек» коррекциялық түзету кешеніннің филиалы ашылды. Орталық 25 баланың дамуын инклюзивті түрде қамтамасыз етеді. Аталған түзету орталығында түрлі мамандар балалар үшін қызмет атқарады,- деп жазады «ZhambylNews» АА.
Орталық ерекше балалар үшін арнайы жабдықталған. Спорт алаңшалары мен кабинеттер де қарастырылған. Атап айтқанда: аутизм, ЗПР, РАС диагнозы бар бүлдіршіндерді жеке қабылдаулардан өткізіп, физикалық жаттығулармен қатар, арнайы білім бағдарламасымен дамыту жұмыстарын өткізеді. Ерекше балалармен жұмыс істеуде жемісті жетістіктері де бар.
Оңалту орталығында 5 психолог, 10 логопед- дефектолог, емдік дене шынықтырумен айналысатын 2 инструктор маман бар.
Айта кетейік өңірде өткен аптада ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған түзету орталығы ашылған болатын. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті заманауи жабдықтармен де қамтылған.
Орталықта жылына 100 бала білім ала алады.
«Күнім-ай» түзету-дамыту орталығында дефектолог, логопед, психолог, АФК (Бейімдеу) сынды білікті мамандар еңбек етеді. Сала иелері балалардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін озық тәжірибелерді қолданады. Түзету кабинеттерінде қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, жұмысбасты ата аналар баласын күндіз де, түнде де күндіз осында қалдыра алады.