Қазақ-тәжік бизнесмендері 2 млрд доллардың келісімшартына қол қояды

0 23

Қазақстан-Тәжістан бизнес форумы қорытындысында 2 млрд доллардың келісімшарттарына қол қойылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін осы іс-шараның алғашқы бөлігінде ғана бизнесмен арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылды. Дегенмен, форумның екінші бөлігі өтеді. Сонда жалпы 2 млрд доллардың келісімшарты рәсімделеді», — деді Серік Жұманғарин бизнес форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның пайымынша, бүгін өтіп жатқан іс-шара соңғы уақыттағы ең жемісті бизнес форум саналады.

«Бүгінге дейін біз көптеген елдің өкілдердің сауда-экономикалық миссияларымен кездестік. Олардың ішіндегі ең жемістісі осы іс-шара болып тұр», — деді вице-премьер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.