Жамбыл облысында биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 27,4 млрд. теңге субсидия бөлінді

0 21

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды. 2019 жылы облыста басталған пилоттық жоба өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, Президент оны ел көлемінде масштабтандыру жөнінде міндет жүктегені белгілі. Жоба басталғалы 18,3 млрд. теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық  адам өз кәсіптерін бастады».  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мәлімдеді.

«Ал, осы жылы қосымша 24 млрд. теңге бөлінді.Онда 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни, тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады. Нәтижесінде, осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 113 мыңға артатын болады. Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд. теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз.Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға ағымдағы жылы 27,4 млрд. теңге субсидия бөлініп отыр»,- деп атап өтті Қанатбек  Қайшыбекұлы.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы саласында 57,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд. теңгеге артты (2022 жылы – 52,9 млрд. теңге).

 «Ауыл шаруашылығы дақылдары 770,4 мың гектарға орналастырылып, 14,4 мың гектарға ұлғайды (2022 жылы – 756,2 мың га.).Өңірде қант өндірісін дамытуға аса мән беріліп отыр.Мысалы, қант қызылшасы алқабының көлемін өткен жылмен салыстырғанда мың гектарға ұлғайтып отырмыз. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз»,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар,  ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала.

Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.