Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы аясында Жамбыл облысының әкімдігі мен “Indorama Corporation Pte” компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Форумға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Сингапур Президенті Халима Якоб және тағы 200-ге жуық делегат қатысты.
Форум барысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен “Indorama Corporation Pte” компаниясының өкілі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Компания облыс аумағында құрамында фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын іске асыруды жоспарлауда.
Жоба құны — 250 миллион АҚШ доллары. Жобалық қуаты — 150 000 тонна түйіршікті суперфосфат өндіру.
Жоба аясында 800 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Айта кету керек, “Indorama” компаниясының әлемнің 37 елінде 150-ден астам өндірістік алаңы бар десек, оның ішінде 8 елде 10 тыңайтқыш зауыты жұмыс істеуде.