Н.Нұржігітов: Жылыту маусымына дайындық жұмыстары кедергісіз орындалуы тиіс

0 23

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қорғанбаев Құдайберген баяндама жасап, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу бойынша өңірлік штабтың жұмысына жан-жақты тоқталды.

Оның айтуынша облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар, олармен жалпы 1 737 әлеуметтік нысан мен 1646 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілмек.

— Отын-энергетика кешендерімен жоспарланған жылыту маусымына дайындық іс-шараларына жалпы 9,862 млрд. теңге қаралып отыр. Қаржының басым бөлігі «Т.И. Батуров ат. Жамбыл ГРЭС-і» АҚ есебінен 6,1 млрд. теңге қарастырылған.

Бюджет есебінен, Таразэнергоорталық» АҚ-ң РК-4 қазандығына қосымша қазандар сатып алуға 932,8 млн. теңге, М-1 жылу магистралына 1 067,5 млн. теңге, Жаңатас қаласының қазандығын қайта жаңғыртуға және жылу желілерін ауыстыруға 653,6 млн. теңге, Қаратау қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге және мазут шаруашылығы мен қазандарын жөндеуге 171,5 млн. теңге бөлу жоспарланған.

Бүгінгі таңда отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылып, өңірлік штабтың тұрақты бақылауында,-деді басқарма басшысы.

Cондай-ақ, облыс бойынша 350,7 шақырым жылу желілері бар десек, олардың тозу деңгейі 56,7 пайызды құрайды, яғни, 199 шақырым жылу желілері ауыстыруды қажет етеді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тозу деңгейін 55,5 пайызға төмендету жоспарланған.

— Тұрғын үйлердің дайындығын тексеру мақсатында Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы үйлердің жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, 72 проблемалық тұрғын үй анықталды. Олар бойынша жол картасы мен іс-шаралар жосмпалы әзірленді.

Аталған тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер тарапынан тұрғындар, басқару органдары арасында және демеушілер есебінен тиісті жұмыстарды жеделдету қажет,-деді Құдайберген Қорғанбаев.

Басқсоуда әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы, қазандықтарды газға ауыстыру бойынша тиісті басқарма басшыларының да есебі тыңдалды.

Облыс әкімі бірқатар мәселелер бойынша Тараз қаласы және аудан әкімдерінен, жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын басшыларынан жауаптар алды.

— Қажетті қаражат қаралған. Оның нақты нәтижесі болуы тиіс. Жұмыстарды ешқандай кедергісіз орындап, жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек. Тұрғын үйлермен қатар мектептер, мәдениет және спорт нысандары да жылы болуы керек. Сонда ғана балалардың уайымсыз білім алуына, мәдени, спорттық үйірмелермен қамтуға жағдай жасай аламыз,-дей келе Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар аймақ басшысы барлық нысандарда және инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылауға алуды, жылу желілерін техникалық тексеру жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды, жылу желілерін жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқталуын қамтамасыз етуді, білім нысандарының 1 кыркүйекке дейін дайын болуын, көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындау жұмыстарын 20 кыркүйекке дейін аяқтап, әзірлік паспорттарын жасауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.