Облыс әкімі Жамбыл ауданындағы бірқатар егіс алқаптарымен танысты

0 48

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Жамбыл ауданына жұмыс сапары Шайқорық ауылындағы «Н.Шегебаев» шаруа қожалығының жүгері егін алқабын көруден басталды.

9 гектарға дәндік жүгерінің пионер сұрыпын еккен шаруа қожылық әр гектарынан кемінде 5 тоннандан алуды жоспарлап отыр.

Аудан бойынша 2 мың гектарға жуық дәндік жүгері егілген.

Егістік алқап басында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов жалпы ауыл шаруашылық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып өтті.

Оның айтуынша, ауданда барлығы 59,9 мың гектар егістік алқабы бар десек, оның 31,3 мың гектары суармалы алқап.

8,2 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген.

Аудан бойынша 20 мың гектарға жуық алқапқа дәндік дақылдар себілген десек, қазіргі таңда егін орағы қызу жүруде. Бүгінге дейін 16,3 мың тонна дән бастырылған.

Сондай-ақ, облыс әкіміне вегетациялық кезеңнің өту барысы, су жеткізу бойынша жұмыстар мен мәселелер баяндалды.

Бұдан соң, аймақ басшысы Көлқайнар ауылдық округіндегі Тастөбе ауылындағы «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік кооперативінің қызылша алқабы мен арпа, жүгері алқаптарымен де танысты.

Кооператив жалпы 160 гектарға қант қызылша, 300 гектарға жаздық арпа, 50 гектарға дәндік жүгері отырғызған.

Агроқұрылым су үнемдеу технологияларын да тиімді пайдаланып, ұңғыма қаздыру ісін де қолға алған.

Сонымен қатар, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен жаздық арпаның элита тұқымын алған кооператив алдағы уақытта оны жергілікті шаруаларға таратуды жоспарлауда.

Облыс әкімі қазіргі таңда мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдаудың ауқымды екенін атап өтіп, аянбай еңбек еткен шаруалардың мол өнімге кеңелу мүмкіндігінің жоғары екендігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.