Жамбыл облысында жайылым тапшылығы 683.8 мың гектардан 164 мың гектарға төмендеді

0 6

Республика бойынша жеке  ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымдық жерлермен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар бірқатар шаралар қабылдады.

Атап айтсақ:

— Іргелес жатқан босалқы жерлерді елді мекендердің жерлеріне қосу жолымен елді мекендердің шекаралары жалпы алаңы 421,2 мың гектарға кеңейтілді;

Анықтама ретінде: Ақмола – 78,6 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 7,02 мың гектар, ШҚО – 4,9 мың гектар, Жамбыл – 170 мың гектар, БҚО – 27,4 мың гектар, Қарағанды – 2,3 мың гектар, Қостанай – 2,3 мың гектар, Павлодар – 8 мың гектар, СҚО – 21,0 мың гектар.

— Босалқы жерлерден жергілікті халыққа 2,4 миллион гектар қайта бөлінді;

Анықтама ретінде: Абай – 33 мың гектар, Ақмола – 4,8 мың гектар, Ақтөбе – 99,7 мың гектар, Алматы – 259,9 мың гектар, Атырау – 11,2 мың гектар, ШҚО – 13,6 мың гектар, Жамбыл – 340 мың гектар, Жетісу – 371,0 мың гектар, БҚО – 2,4 мың гектар, Қарағанды – 252,1 мың гектар, Қостанай – 50,5 мың гектар, Маңғыстау – 130,8 мың гектар, Павлодар –325,8 мың гектар, СҚО – 96,0 мың гектар, Түркістан – 412,2 мың гектар.

— 22,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымға айналдыру жүзеге асырылды;

Анықтама ретінде: Алматы – 0,023 мың гектар, ШҚО – 0,7 мың гектар, Жамбыл – 22 мың гектар.

— 1,2 миллион гектар резервке қойылды;

Анықтама ретінде: Абай – 25 мың гектар, Алматы – 8,2 мың гектар, Жамбыл – 100 мың гектар, БҚО – 253,1 мың гектар, Қарағанды – 231,9 мың гектар, Қостанай – 527,9 мың гектар, Павлодар-44,6 мың гектар.

Осылайша Республика бойынша 2021 жылмен салыстырғанда жайылым тапшылығы 39 пайызға, 14,8 миллион гектардан 8,9 миллион гектарға дейін төмендеді. Ал Жамбыл облысы бойынша 683.8 мың гектардан 164 мың гектарға кеміді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.