Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

0 86

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Келесов Еркін Егембердіұлы  облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған.

Ол 1993 жылы Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

2022 жылғы маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.