Ақпараттық технологиялардың шарықтаған заманында, оқу мәдениеті, жалпы кітап оқу үрдісі бәсеңдеп барады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, отбасылық оқу дәстүрін қайта жандардыру мақсатында Д.Қонаев кітапханасында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы ашылған болатын. Бүгін аталған жоба аясында мамандар ана-аналармен кездесіп, кеңес берді.
Бүгінгі таңда былдырлаған бала тіліндегі мүкістік әрбір екінші отбасында кездеседі. Себеп те сан түрлі. Логопед мамандар дабыл қаққанымен, қоршаған ортадағы құбылыстар дес берер емес. Жылаған баланы жұбату үшін, қолына ұстата салатын гаджеттер, салдардың бірі ғана.
-Қазіргі жағдайда барлық жерлерде жасөспірім және мктеп жасындағы балалар тіл кемшілігі ақаулары болып жатыр. Себебі оған әртүрлі түрткі болатын ұялы телефондар, ата аналардың балаларымен дұрыс қарым қатынас жасамауы, кейбір ата аналардың жағдайы жоқ, сол кісілерге көп орталықтар ашылып, логопедиялық тұрғыда тегін жәрдем берілсе деймін, — деді логопед Гүлмира Бекбаева.
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы осындай маман көмегіне мұқтаж ата-аналармен жұмыс жасап келеді. Мектеп, бала-бақша, балалар ауруханасында өтетін рухани терапиялар, өзара әрекеттесу жүйесін қалыптастыра отырып отбасылық құқық, отбасы мәлелері бойынша кеңес беруді қамтамасыз етуді көздейді.
— Жобаның мақсаты отбасыларға жан жақты көмек көрсету, осы жоба жұмыстарына қатыса отырып, оқырмандардың ата анасы әртүрлі кеңестер ала алады. Біз мысалыға совез мамандарын, отбасы Банк мамандарын , психологтарды, логопед, дефектоларды шақырып, арнайы жұмыстар өткізіп жатырмыз, — деді кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова.
-Осы орталыққа кеңес алайын деп келіп едім. Бұл жерде менің балам бес жаста. Тілі кеш шыққандықтан кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Бүгін маманмен кездесу арқылы көптеген пайдалы жақтарын білдім. Логопедтен қалай кеңес алсам деген ойда жүрген едім. Барлықтарыңызға рақмет айтамын, — дейді ата-ана Гүлшәт Жеңіс.
Сондай-ақ, әлеуметтік жобада «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі, «Біз біргеміз бәріміз» мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беру, үй абонементі қызметі сияқты түрлі көмектер көрсетіледі.