Діндар әйелдер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

0 12

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйекаралығында Жамбылоблысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мамандарының қатысуымен діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарыменбірқатар кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) –Кенесбаева А.А., Ұзақбаева Л.Е., Садыкова Ж.Ә., Бейсембі А.Ф., Мырзабаева К.Е.тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Тараз қаласы, Меркі, Сарысу, Жамбыл аудандары, Бірлесу-еңбек, Асаауылдарының

колледж және университет студенттері, жастар ресурстық орталығының жастары, өңірдегі аурухана қызметкерлері, медреседегі әйел жамағаты және т.б қатысушылар арасында семинарлар және кездесулер өтті.

Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін түсіндіру, дәстүрлі діндердің рухани құндылықтары туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.