«Үйде сөйле» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті

0 23

Биылғы жылдың 7 қарашасында Тараз қаласы, Самал мөлтек ауданында Қазақстан халқы ассамблеясының «Үйде сөйле» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті.


Жиынға мөлтек ауданнның тұрғындары, өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік ұйымы мүшелері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастары, ЖОО студенттері, еріктілер, қала тұрғындары қатысты.
Мақсаты — аула клубтары мен тұрғын үй кешендерінің коворкинг-аймақтарының қызметі шеңберінде сөйлесу клубтарын құру арқылы мемлекеттік тілді үйренуге жәрдемдесу.
Ашылу салтанатының алғы сөзі Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы — Жинақбаева Мубарак Қасымқызы және Өңірілік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі -Турдыева Хамида Кахарджановнаға берілді.
Атап айтқанда, үйде сөйле жобасы — аула клубтары мен тұрғын үй кешендерінің коворкинг-аймақтарының қызметі шеңберінде сөйлесу клубтарын құру арқылы мемлекеттік тілді үйренуге ат салысуға арналған бірден бір жоба.
Ассамблеяның жас жарқын жұлдызы Айхан Фаизовтың орындауында «Мен қазақпын» әні шырқалды. Сондай ақ, заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Фарида Нақышқызы өз тілек лебізін білдіріп, самал мөлтек ауданының тұрғыны қарт әжеміз жастарға өз батасын берді.
Сонымен қатар «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің орындауында «Құдаша» композициясы мен Ассамблея жастарынан құралған жігіттердің «лезгинка» биі баршаға қуаныш пен шаттық сыйлай білді.
Жүздеріне шаттық,жүректеріне мейірім, көңілдеріне қуаныш орнатқан іс-шарадан жиналған қауым ерекше әсер алып, барша ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Іс шара соңы Қалижан Саркеевтің орындауындағы «Самға Қазақ» әнімен қорытындыланып, тәттілер және ыстық бауырсақ таратылды.
Айта кетейік, жоба қазақ тілін оқыту мен оның қолдану аясын кеңейтуге, қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 4 өңірде (Астана қ., Алматы қ., СҚО,) аулалық клубтары ашылып, жұмыс жасайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.