Жамбыл облысында 3 су қоймасы салынуда

0 17

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың га. болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 357 мың га. құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының салаға жауапты орынбасары айтты.

Орман қорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара жоспары бойынша 11154,5 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жүргізілді. Орман қорын күзету және патрульдеу үшін өртке қарсы техниканы ұстауға жанар-жағармаймен толығымен қамтамасыз етілді

Облыстың орман қорын өрт қауіпті маусымы бойы, Мойынқұм ауданында орналасқан «Қазавиа орман күзеті» РМК-нің 1 ұшағы мен 1 тік ұшағы арқылы әуеден бақылау-мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымы кезеңінде орман қоры жерлерінде 7 орман өрті оқиғасы тіркеліп 1474,87 гектар учаске өртке шалдықты Орман өртінен келген шығын сомасы 1360,9 мың.теңгені құрады.

Орын алған 7 орман өрттері бойынша 2 орман өрті адамдардың өрт қаупсіздік талаптарын сақтамау салдарынан орын алған. Аталған азаматтарға айыппұл салынып табиғатқа келтірілген залал өндіріліп алынған.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында бірқатар іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, көршілес Қырғыз Республикасынан ағын суға тәуелділікті азайту үшін, су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылға дейін жалпы көлемі 46,2 млн.текше метр болатын 13 су қоймасын салу жоспарлануда.

Мәселен, ағымдағы жылы көлемі 1,4 млн.текше метр 3 су қоймасының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. 434 млн. теңгеге гидрологиялық бекетке күрделі жөндеу жүргізілуде. Нысанды қалпына келтіру Қазақстан мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Талас өзені бассейні бойынша Мемлекетаралық су бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда облыстың 6 ауданында 69 мың га алаңда 36,6 млн. теңгеге арналарды қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Суармалы суды пайдалану үшін қосымша 103 ұңғыма бұрғыланды, 3,8 мың га суармалы сумен қамтылды. Вегетациялық кезеңде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде Қырғызстан Республикасына суармалы суға тәуелділік 85% — дан 50% — ға дейін төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.