Облыс әкімі «Koyuncu Group» түрік компаниясының басшылығымен кездесті

0 13

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев түркиялық «Koyuncu Group» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Офлаз Кериммен кездесті.

«Karatau Chemicals» ЖШС натрий пиросульфит өндіретін зауыт 2024 жылдың қаңтарында іске қосылады. Өндірістік қуаттылығы жылына 25 мың тонна.

Кездесу барысында тараптар облыс аумағында компания қызметін кеңейту жоспарларын, атап айтқанда, литий өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды. Инвесторлар Жамбыл облысында литий батареяларын шығаруға барлық мүмкіндіктер бар екендігін білдірді.

Компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Офлаз Керім өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуалды ескере отырып, ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын өнімдерді (жеке гигиена құралдары, тұрмыстық заттар) өндіруді одан әрі жүзеге асыруға мүдделі екендігін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.