Жуалы ауданында өткен жылы 51 көше жолы жөнделді

0 2

Жамбыл облысы Жуалы ауданында өткен жылы автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары аясында 33 жоба жүзеге асырылды.

Аудан әкімдігінің ақпаратына сәйкес, жалпы, былтыр аудан елді мекендеріндегі 51 көше жолы (52,494 шақырым) жөндеуден өткен.

Атап айтсақ,«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 30,189 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен қаралған қаржыға 3 ауылдағы 4 көшеде (9,64 шқ), облыстық бюджет есебінен 3 елді мекендегі 4 көшеде (4,162 шқ) орта жөндеу жұмыстары атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.