Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездескен отандық компания өкілдері электр зарядтау станцияларын орнату және «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу жобаларын таныстырды.
«EVC» компаниясы электр зарядтау станцияларын жеткізу, орнату мен техникалық қызмет көрсету қызметтерін ұсынды.
3 кВт-тан 180 кВт-қа дейінгі әртүрлі қуаттылықты қамтитын жабдық түрлері бар.
Кездесуде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығында электр зарядтау станцияларын орнату мақсатында арнайы орындар белгіленгенін жеткізді. Алғашқы кезеңде дәл осындай 50 нысанды орнату жоспарлануда. Атап өтерлігі, бұл жұмысқа компаниялар конкурстық негізде қатысатын болады.
«Set» компаниясы бірыңғай ақпараттық ортамен біріктірілген автоматтандырылған бағдарламаларды, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын «Қауіпсіз қала» жүйесін әзірледі.
Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.