Дәстүр бойынша, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев нәзік жандыларды көктем мерекесімен құттықтады.
Облыс басшысының қатысуымен қарлығаштар мекеніне айналған «Анаға тағзым» орталығында мерекелік шара өтті. Белсенді аналарының алқасында облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінен «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының төрайымы Айгүл Қабиева, өзбек орталығының өкілі Лобара Гаюпова, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Аналар кеңесі Сара Дауызова және т.б. құрылымдар мен бірлестік өкілдері де бар.
Дөңгелек үстел барысында әйелдердің қоғамдағы орны мен ел өміріне қосқан үлесі туралы пікір алмасты.