Жамбылдық үлгілі отбасылардың өнегелері дәріптелді

0 39

Жамбыл облысында «Шаңырақ» күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Өнегелі отбасы – ел тірегі» тақырыбында іс-шара өтті.

Оған бір шаңырақ астында жарты және ширек ғасыр бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасыдағы ардақты әкелер мен ақ жаулықты аналар қатысты.

Шара барысында отбасылық құндылықтар дәріптеліп, аға буын өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ бұл күні АХАТ бөлімінің маманы Жансая Дүйсекова жақында ғана шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жастарға неке куәлігін табыс етті.

Ал, Жуалы ауданында жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, бұл күні аудандық мәдени демалыс орталығында бірқатар өнегелі отбасыларға сый-сияпат жасалды.

Мұндай шаралар басқа аудандарда да лайықты жалғасты.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірімізде 1526 сәби жарық дүние есігін айқара ашса, өткен жылы 7572 ұл-қыз өмірге келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.