Тараз көшелері жасыл желекпен көмкерілуде

0 30

Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға айрықша ден қойылып отыр. Бұл жұмыстардың бір парасы шөп шабуға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылы 5 448 000 м2 жасыл желекті қырқу көзделсе, оның ішінде 350 000 м2 бүгінде толығымен атқарылған.
Мәселен, қазірге дейін Абай, Төле би, Әл-Фараби көшелері, облыстық және қалалық әкімдіктердің маңы және шаһардағы саябақтар мен скверлердің барлығында дерлік шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қалада жасыл жамылғыларды төсеу (газон) жұмыстары да қарқынды. Айталық, бүгінде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңы жасыл жамылғылармен көмкерілді. Енді таяуда Абай, Төле би, Саңырық батыр, Әйтиев көшелеріне, «Ұлы дала» ықшамауданына және «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне жасыл жамылғылар төселеді.
Биыл шаһар бойынша 22 300 м2 жасыл жамылғы отырғызу жоспарланса, бүгінге оның 4 000 м2 төселді.

Жалпы, қала ішіндегі жасыл желекті суару мәселесі өте өзекті. Қазір «Жасыл ел — Тараз» мекемесі шаһардағы суару жүйелерін қалпына келтіріп, жаңадан жасыл жамылғы егілген аймақтарға арнайы су жүйелерін тартуда. Тараз көшелері жасыл желекпен көмкерілуде

Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға айрықша ден қойылып отыр. Бұл жұмыстардың бір парасы шөп шабуға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылы 5 448 000 м2 жасыл желекті қырқу көзделсе, оның ішінде 350 000 м2 бүгінде толығымен атқарылған.
Мәселен, қазірге дейін Абай, Төле би, Әл-Фараби көшелері, облыстық және қалалық әкімдіктердің маңы және шаһардағы саябақтар мен скверлердің барлығында дерлік шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қалада жасыл жамылғыларды төсеу (газон) жұмыстары да қарқынды. Айталық, бүгінде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңы жасыл жамылғылармен көмкерілді. Енді таяуда Абай, Төле би, Саңырық батыр, Әйтиев көшелеріне, «Ұлы дала» ықшамауданына және «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне жасыл жамылғылар төселеді.
Биыл шаһар бойынша 22 300 м2 жасыл жамылғы отырғызу жоспарланса, бүгінге оның 4 000 м2 төселді.

Жалпы, қала ішіндегі жасыл желекті суару мәселесі өте өзекті. Қазір «Жасыл ел — Тараз» мекемесі шаһардағы суару жүйелерін қалпына келтіріп, жаңадан жасыл жамылғы егілген аймақтарға арнайы су жүйелерін тартуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.