Ресми ақпарат

0 32

04.06 күні 16-20 уақыт шамасында Меркі ауданының «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ- нің Сарғобы орманшылығында (30,31 орамдары) шөптің жануы анықталды, көлемі 1650 га.

Өрт болып жатқан жерде орман шаруашылық қызметкерлері өшіруде (25 адам 3 трактор). Оқиға орнына орман шаруашылығынан 7 трактор 3 автокөлік 22 адам және ТЖБ бөлімдерінен 84 адам 9 техникамен шықты.

Жел оңтүстік бағытта 10-12 м/с. Ауа температурасы +30.

Орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.

Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен. Қазіргі уақытта бұл ауданда 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған.

Қосымша ақпараттар нақтылануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.