Жамбыл облысында табиғи өрт оқшауланды

0 8

«Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің Сарғобы орманшылығында 1800 гектар аумақты қамтыған өрт 5 маусым күні таңертең оқшауланды.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің бастығы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Н. Егембердиев оқиға орнында жұмыс істеді.

Техникамен өрт ошағының периметрін жырту жалғасуда, шанц аспаптары мен рюкзак бүріккіштерін пайдалана отырып жергілікті ошақтар мен түтін көздерін сөндіру жүргізіледі. Өрт сөндіру жұмыстары толық жойылғанға дейін жалғасады.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшағымен барлау жұмыстары атқарылды.

Өртті ауыздықтауға 167 адам, 39 бірлік техника, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖД-нен 84 адам және 9 техника тартылды.

Алматы, Шымкент қалаларының ТЖМ топтары мен Қазавиақұтқарудың 2 әуе борты дайындыққа келтірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.