Т. Рысқұлов ауданында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

0 22

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

Баспанаға ие болғандардың қатарында көпбалалы аналар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен жетімдер бар.

Тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа баспанада 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 20, 3 бөлмелі – 40 пәтер бар.

Т. Рысқұлов ауданында 2000-ға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Сондай-ақ күзде 14 шағынауданда 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.