Байзақ ауданында 120 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілді

0 4

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі баспана мәселесін шешуді басым бағыттардың бірі ретінде белгілеген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста жүйелі түрде жалғасын табуда.

Осыған орай БайзаBulk Delete Postsқ ауданы Сарыкемер ауылында 120 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, бірқатар отбасы баспаналы болды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Олжас Баққараев қатысып, жаңа пәтер иелерін құттықтап, көпшіліктің қуанышымен бөлісті.

– Өткен жылы 240 байзақтық жаңа пәтерге қол жеткізді. Биыл ауданда тағы 6 тұрғын үй салу жоспарланып, 7 миллиард теңгеге ұсыныс берілді. Қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстары басталады.

Бүгін тағы бірнеше отбасы баспаналы болып, үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді аудан әкімі.

Тұрғын үйлердің құрылысын «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бір тұрғын үйдің жалпы аумағы 2 956 шаршы метрді құрайды. Пәтерлердің екі бөлмелісі – 33, ал үш бөлмелісі – 65,5 шаршы метр.

Жаңа пәтерге қол жеткізген тұрғындардың бірі – 2018 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы ана Эльвира Әбибуллаева.

– Алты баланың анасымын. Кеше ғана баспана алатынымды естіп, қуанышымда шек болмады. Отбасымызбен осы күнді ұзақ күттік. Балаларыммен бірге өз үйімде өмір сүретініме өте бақыттымын. Бізге осындай қолдау көрсеткен билік өкілдеріне, әкімдікке алғысым шексіз! – деді көпбалалы ана тебірене.

Байзақ ауданы әкімдігінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейтін жалғызбасты ана Әсемгүл Ақтаева да көптен күткен қуанышына қол жеткізді.

– Үй кезегінде тұрғаныма алты жыл болды. Бұған дейін Сарыкемер ауылында пәтер жалдап келдік. Енді міне екі баламмен бірге өз шаңырағымызға ие болдық. Ертең ұлымның туған күні. Бұл баспана – біз үшін ең үлкен сый болды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Міне, сол сөздің дәлелі ретінде қарапайым еңбек адамдары да баспаналы болып жатыр, – деді ол толқып.

Жаңа қоныс иелері аудан басшыларымен бірге өз үйлерін аралап, қуаныштарын бөлісті. Ақжаулы аналар қоныстойдың көркін келтіріп, шашу шашты.

Байзақ ауданында 2024 жылы 5 қабатты 4 тұрғын үй салынып, 240 адам баспаналы болды. «Асарлатып үй салу» жобасымен 8 отбасы тұрғын үймен қамтылған.

Биыл он бес 2 пәтерлі үйлердің құрылысына
427 млн. теңгеге қолдау тауып, құрылыс жұмыстары бастау алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.