Талас ауданы: 2 ауылдың ауызсу жүйесі іске қосылып, 1 спорт кешені пайдалануға берілді

0 2
Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Сейілбек және Қожағаппар ауылдарында ауызсу жүйесі іске қосылып, жергілікті тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Берікқара ауылдық округі Қожағаппар ауылында шамамен 470 адам тұрады. Бүгінде 48 үйдің 10-ы ауызсуды үйіне тартып үлгерді. Ал Ойық ауылдық округі Сейілбек ауылында 256 адам тұрады, 44 аула бар. Оның тең жартысы тіршілік нәріне қол жеткізді. Бұл жұмыстар жалғасуда.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл басында ауызсумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98 пайызды (523,7 мың адам), ауылдық елді мекендерде 97,8 пайызды (676,9 мың адам) құрап отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асуда.
Бұл күні Талас ауданы Тамды ауылында құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізілген спорт кешені пайдалануға берілді.
160 орындық спорт нысанында күрес және жаттығу залдары қарастырылған. Ауыл балалары мен жастары бұл кешенде түрлі спорт түрімен еркін айналыса алады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.