Облыс әкімі «Тараз – қауіпсіз қала: жастармен бірге» атты іс-шараға қатысты

0 2
Іс-шара «Баласағұн» орталық концерт залында елімізге белгілі өнер майталмандарының қатысуымен өтті.
Әуелі қоғамдағы тәртіпсіздік пен жауапкершіліксіздіктің зардабын бейнелейтін театрландырылған қойылым көпшіліктің назарына ұсынылды.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде ішкі істер саласында ауқымды әрі жүйелі реформа жүргізіліп, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатқанына назар аударды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі екенін атап өтті. Қоғамдағы заң мен тәртіп – дамудың және әділеттің кепілі. Бұл қағидатты сақтау әр азамат үшін маңызды. Тәрбие тал бесіктен басталады. Әділетті қоғам құруда жастардың рөлі айрықша. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. Жастардың тәрбиесіне ата-ана мен мұғалім ғана емес, бүкіл қоғам атсалысуы керек. Осы ретте Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзі баршаға ұран болуы тиіс, – деді Ербол Қарашөкеев.
Іс-шарада Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев пен ақын, жазушы, аудармашы Абай Қалшабек сөз сөйлеп, тәртіп пен тәрбиенің маңыздылығын атап өтті.
– Тараз – бәріміздің ортақ үйіміз, Отанымыз! Біз оның қауіпсіз әрі жайлы қала болғанын қалаймыз. Қаланың тыныштығы мен қауіпсіздігі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Егер оның іргесін мығым еткіміз келсе, заң мен тәртіпті басты қағидатымызға айналдыруымыз керек, – деді Бақытжан Малыбаев.
Өнерпаздар мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың сахналық көріністері көрерменнің зор қошеметіне ие болды.
Шара соңында ҚР «Дарын» сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір патриоттық әндерді орындап, жастардың рухын көтерді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.