Тараз қаласында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0 2

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен шаһар аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынған болатын. Осының нәтижесінде бүгінде каналдарды тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде қала аумағында 8 ирригациялық канал бар. Олардың жалпы ұзындығы – 82,55 шақырым. Ал, дренаж каналдарының саны – 2. Қазір «Сенім Құрылыс Сервис» ЖШС мердігерлігімен «Түйте» каналының «Ұлы дала» (15) шағынауданы мен «Бурыл» алқабы ортасындағы бөлігі абаттандырылуда.
Каналдың көркемдеуден өтетін бөлігінің ұзындығы 1 738 метрді құрайды. Жуық арада мұндағы жұмыстар аяқталып, абаттандырылған канал бойы қала тұрғындарының демалыс аймағына айналады.

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, былтыр шаһарда ұзындығы 60-тан аса шақырымды құрайтын 8 канал механикалық тазалаудан өткен болатын. Олардың қатарында «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді» каналдары бар. Енді сол каналдарды абаттандыру жұмыстары қолға алынуда. «Түйте» каналындағы жұмыстар – соның алғашқы қадамы. Каналдарды тазалап қана қоймай, айналасын абаттандыру да айрықша маңызға ие. Бұл бір жағынан тұрғындардың тынығатын орнына айналса, екіншіден судың канал бойымен еш тоқтаусыз ағуына мүмкіндік береді. Бастысы, жұмыстар сапалы әрі межеленген мерзімінде орындалуға тиіс, – деді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.