2025 жылдың 14 мамырынан көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су қайта беріледі

0 3

Тараз қаласы аумағында жалпы жазғы кезеңде ыстық су алатын 1025 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 902-не «Таразэнергоорталық» АҚ арқылы, 19-на «Таразтрансэнерго» МКК арқылы, ал 104-не «Жамбыл-Жылу» МКК арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

2025 жылдың 14 сәуірі мен 14 мамыры аралығында жылу желілерін гидравликалық қысыммен тексеру және қазандықтарды жөндеу жоспарына сәйкес ыстық су беру уақытша тоқтатылған болатын.

Жоспарға сәйкес жүргізілген жұмыстардың аяқталуына байланысты, 2025 жылдың 14 мамырынан көппәтерлі тұрғын үйлерге қайта ыстық су берілетін болады.

Алайда, «Таразэнергоорталық» АҚ тарапынан ыстық сумен қамтамасыз етілетін 5 көппәтерлі тұрғын үй (Төле би даңғылы, № 76, 76Б, Ұлбике ақын көшесі, № 115, 117, Тұрысов көшесі, № 3 Д) Төле би даңғылы мен Қ.Тұрысов көшелері бойындағы М-1 жылу магистралын қайта жаңғырту жұмыстарына (2-кезең) байланысты;

• 20 көппәтерлі тұрғын үй (Жамбыл даңғылы, № 180,186, Сарсенбаев көшесі 2, 8а, Казыбек би көшесі 142, 146, 148, 179, 141, 143, Желтоқсан көшесі 82, 84, 86, 88, 88а, Койгельды көшесі, № 207, 209, Айтеке би көшесі, № 28, 30, 30а)
Жамбыл даңғылы бойындағы М-3 жылу магистралын қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына байланысты;

• «Ұлы Дала» (15) шағынауданының 110 көппәтерлі тұрғын үйі жылу желілерін кеңейту жұмыстарына байланысты;

• «Жамбыл-Жылу» МКК тарапынан ыстық сумен қамтамасыз етілетін «Қант зауыты» алқабындағы 11 кәппәтерлі тұрғын үй (Сорокин көшесі, №2а, 2б, 2в, Театральный көшесі, №1, 3, 5, 8, Жауғаш батыр көшесі, №4, Жауғаш батыр көшесінің 2 бұрылысы, №2, Рафинадный көшесі, №2, Өтеген батыр көшесі, №8) «Онкология» қазандығына жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты;

• 1 көппәтерлі тұрғын үй (Қарасау иіні,№4) жылу жеткізетін құбырға ағымды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты;

• 2 көппәтерлі тұрғын үй (Қарасу (5) ш.а. №25, Қаратау (2) ш.а. № 37А) ішкі жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша ыстық сумен қамтамасыз етілмейді.

Анықтама үшін диспечерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.
Байланыс нөмірі: 34-37-88

Leave A Reply

Your email address will not be published.