Жамбыл облысында ХІІ өңірлік Азаматтық форумы өтті

0 2
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Мықты қоғам – Қуатты Қазақстан» тақырыбында ХІІ өңірлік Азаматтық форум өтті. Ауқымды жиынға еліміздің әр өңірінен келген үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.
Форумның мақсаты – Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының 2026–2030 жылдарға арналған екінші кезеңін іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ мемлекет, ҮЕҰ және бизнес арасындағы әріптестікті нығайту болды.
Алғашқы күні өткен секциялық отырыстарда цифрлық белсенділік, инклюзивтілік пен тең мүмкіндік, ҮЕҰ-ды еңбек нарығына бейімдеу, сондай-ақ заңнамалық өзгерістер мәселелері жан-жақты талқыланды.
Өңірлік форумның екінші күні Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыруға арналған конференция, форумның пленарлық отырысы, сондай-ақ «Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер» тұжырымдамасы аясында әкімдік, қорлар және бизнес өкілдері арасындағы үшжақты келіссөздер өтті.
Іс-шара аясында қатысушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінім беру, гранттық қаржыландыруға қатысу және институционалдық әлеуетті нығайту мәселелері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Форум соңында қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен әлеуметтік жобалар авторлары марапатталып, үздік тәжірибелер өзге өңірлерге үлгі ретінде ұсынылды. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамытудың жаңа кезеңіне бірлесіп үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.