Әр ұлттың, мемлекеттің болашақ дамуы отбасындағы тәрбиеден негіз алатыны белгілі. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының әр шаңыраққа берер тағылымы мол. Еліміздің тыныштығы, бірлігі, татулығы әр шаңырақтың беріктігімен қалыптасады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын арттыру, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, өнегелі отбасы өмірін жастарға насихаттау болып табылады.
Биыл аталған байқауға қатысуға 21 отбасы ниет білдіріп, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Байзақ аудандық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссиясының шешімімен 4 отбасы, атап айтқанда, Бурыл ауылдық округінен Шаловтар отбасы, Көктал ауылынан Рапишевтер отбасы, Кеңес ауылынан Алимбетовтер отбасы, Дихан ауылдық округінен Қуанышевтар отбасы жеңімпаз атанды. Олардың ішінен 2 отбасы, Көктал ауылынан Рапишевтер және Кеңес ауылынан Алимбетовтер отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің орынбасары құттықтап, облыстық кезеңге жолдама алған екі отбасыға үздіктер қатарынан көрінуге тілектестігін білдірді.
Бұл байқаудың жалпы қоғам тәрбиесінде алатын орны бөлек. Өйткені, байқау талабына сай оған әр ауылдағы өнегелі отбасылар қатыстырылады. Мұның өзі жүлдегерлер мен жеңімпаздар қатарынан көрінген әр отбасының жерлестері үшін сол мекенде оң тәрбиенің негізі қалануына бір себеп.
Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңыздылығы да сонда. Демек, отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше, әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.