АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ: Мәдениет және өнер фестивалі Сарыкемерде жалғасты

0 2

Байзақ ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және әл — Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл кеші көңілді» атты мәдениет және өнер фестивалі биыл екінші жыл өткізілуде.
Алдын ала бекітілген кестеге сай, А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа жиналған көпшілік Сарыкемер ауылдық округінің мәдениет күнін тамашалады. Онда түрлі қолөнер көрмелері және спорт түрлерінен сайыстар атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, 25 келі қант көтеру сынды жарыстар өткізіліп, оған тұрғындар белсене қатысты. Мұның барлығы қазылар алқасының бақылауында, бағалауында болды. Тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған шара барысында Сарыкемер ауылының өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарлама аясында, әуелеген әсем әндер мен мың бұрала билеген бишілердің өнерлеріне көрермендер тәнті болып, қошеметке бөленді.
Жалпы ел, туған жер, өлке, ауыл туралы асқақ әндер шырқалып, өнердің сан түрі сахнаның шырайын келтірді.
Айта кетейік, мәдениет күндерін өткізу тәртібі Ережемен бекітіліп, жұма сайын әр ауылдық округте кезекпен атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.