Конституцияға 30 жыл: Таразда жаңа кітапхана ашылды

0 5
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданында жаңа кітапхана пайдалануға берілді.
Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген шаһар басшысы ұлт руханиятын дамыту – басты міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жазушы, драматург, публицист, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының Құрметті азаматы, ақын Қайырбек Асанов және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібайұлы да сөз алып, ізгі лебіздерін білдірді.
45 мыңнан астам тұрғыны бар шағынауданда ашылған жаңа кітапхана 400 шаршы метр аумақты алып жатыр. Кітап қоры – 41 мың дана. Руханият ордасында оқырмандарға абонемент бөлімі мен оқу залы, «Коворкинг» орталығы қызмет көрсетіп, тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне барлық жағдай жасалған.
Қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы 17 кітапханада жалпы кітап қоры 495 мыңнан астам дананы құрайды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.