Астанада ҚХА 30 жылдығына арналған медиафорум өтуде

0 2

Елордамыз Астана қаласында «Қазмедиа» орталығында ҚХА Журналистер клубының Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Заманауи медиакеңістіктегі этножурналистика: үдерістері мен даму бағдары» атты медиафорум өтті. Оған ҚХА Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметкерлері, медиа сарапшылар, журналистер, медиа менеджерлер мен блогерлер қатысты. Келелі басқосудың негізгі мақсаты — медиасала өкілдері мен баспасөз қызметкерлерін біріктіру, мемлекеттік саясатты этносаралық салада тиімді іске асыру және ҚХА қызметін ақпараттық жариялау үшін ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың дағдылары мен құралдарын үйрету.
Медиафорумның бастауында қатысушылар «Қазмедиа орталығына» экскурсия жасады. Ұйымдастырушылар өңірлерден келген этножурналистерге орталықтың жұмысын, ұлттық каналдардың ақпарат тарату алаңдарының тәжірибесін насихаттады. Жиын қатысушылары жақсы ақпарат алып қана қоймай, өзара ой бөлісіп, әріптестік тәжірибе алмасты.
Ал медиафорумның шымылдығын ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев ашып, клуб жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Жиын модераторлары Журналистер клубының жұмысын жандандыру, шынайы ақпарат тарату, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және де басқа да ақпарат алаңында кездесетін жағымды және жағымсыз ақпараттарды сүзгіден өткізіп барып жариялау жайлы сөз етті. ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Шегорцова мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі» ҚХА жобасының жетекшісі журналистер клубының жұмысын жандандыру, қазақ тілі қолданыс аясын кеңейту жайында сөз қозғады. Ал ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президентінің орынбасары «Бас редакторлар клубы» ҚБ жетекшісі Бибігүл Жексенбай әлі де журналистер клубының жұмысы өз деңгейінде жүргізілмей келе жатқанын айтты. Әсіресе отандық ақпарат құралдарында сілтемелердің орналастыруы кенже қалып отырғанын да жасырмады. Сондай-ақ журналистер клубы көтерген мәселелелер қоғамдық бірлестік назарынан тыс қалмай, журналистердің құқықтары заң аясында қорғалып, олардың көтерген шынайы ақпараты өз нәтижесін беруде екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көтергеніндей мемлекеттік тілдің, ұлтаралық ынтымақтың артып отырғанын да назарынан қалдырмады. Одан кейін сөз алған модернаторлар мемлекеттік саясатты этносаралық салада тиімді іске асыру жайына тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.