Татулық толеранттылықтың негізі

0 2

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Толеранттық – татулықтың белгісі» атты тейбл-толк форматындағы кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Валентина Досыбиева, Жазира Шілдебаева, Замана Исмаилова және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында бүгінде 30 жылды артқа тастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтау мен нығайтудағы рөлі және маңызы туралы пікір алмасып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Кездесуде толеранттылық, өзара сыйластық және қоғамдық келісімнің қоғам дамуындағы маңызы атап өтілді.
Шара соңында қатысушылар ортақ құндылықтар мен этносаралық татулықты сақтаудың маңыздылығына тағы бір мәрте тоқталып «Қоғамдық келісім» КММ атынан студенттерге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітап тарту етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.