Бүгін Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңесінің «Адал азамат – бірлік пен құндылықтың негізі» тақырыбындағы қорытынды отырысы өтті.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшы орынбасары Қуаныш Мамашев және ҚХА Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің барлық жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Келелі басқосу басқарма басшы орынбасары Қуаныш Абдрахманұлының құттықтау сөзі әрі Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің жетекшілеріне ассамблеяның қоғамдық құрылымдары болып табылатындығы туралы куәліктерді табыстаумен басталды.
Отырыста модераторлық еткен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева ел ішінде беделі биік, сөзі өтімді, көрегендігі және даналығымен танылған тұлғалардың басын қосатын Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің қоғамдық-саяси өмірдегі орны ерекше екенін атап өтті.
Қорытынды жиында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан, Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали және аудандық кеңестердің жетекшілері мен өкілдері жалпы құрылымның атқарып жатқан жұмысын арқау еткен өз баяндамаларын жасап, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен тілектер де айтылды.
Жылды түйіндеген жиында басқармасы басшы орынбасары Қуаныш Абдрахманұлы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Қасымқызы кеңестердің жұмысына белсенді қатысқан азаматтарға және қоғамдық құрылымдар қызметін жүзеге асыруда қызмет етіп жүрген аудандық ішкі саясат мамандарын марапаттады.
Жиын соңы концерттік нөмірлерге ұласып, қатысушылар естелік суреттерге түсіп тарқасты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.