«Өзіңнен баста! Өз балаңа үлгі бол!» ұранымен «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында Д.М. Карбышев атындағы №16 орта мектебінде құқықтық бағыттағы конференция өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын әкелер, прокуратура және полиция өкілдері қатысып, оқушылармен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушылар өз құқықтары мен міндеттері, жеке жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың салдары жөнінде маңызды ақпарат алды.
Конференцияға Әйгерім Алтынбаева, қалалық білім бөлімінің басшысы, Қайрат Үкібасов Қ, білім бөлімінің бас маманы, Е.Юрина, Тараз қаласы «Жібек жолы» аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы арнайы спикер ретінде қатысты.
Сонымен қатар, өнегелі әкелер Мұрат Алтаев, ҚР ІІМ полиция подполковнигі, Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің ардагері және Ринат Ертаев, «Жібек жолы» аумақтық полиция бөлімінің аумақтық инспекторы, полиция майоры өздерінің қызметтік және өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу.