Абай атындағы Тараз қалалық орталық кітапханада жастарға арналған «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті.
Кездесуге Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Қайратқызы Медина, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Ерген Балнұр Мұратқызы, №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Батырбаева Салтанат қатысты.
Сонымен қатар, Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені жастар – елдің ертеңі, ал заңға бағынған ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесін таныстырды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.