2026 жылдың 27 ақпанында Достық үйі ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің Жамбыл облысының әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев бастаған қонақтарды қарсы алуымен басталды. Елдегі татулық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеуге арналған жиында жиналған қауым бір-біріне алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді. Келушілер дәстүрге сай тайқазанға салынған бауырсақ пен күлше наннан дәм татты.
Шара аясында қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясына бастау берілді. ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығы әлеуметтік осал топтар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қоржындарын табыстады.
Мерекелік бағдарлама ғимараттың екінші қабатында жалғасты. Мұнда этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары ұлттық өнер үлгілерін ұсынды. Жиналғандар «Ақбаян» қобызшылар ансамблінің, орыс халқының «Веснушки» қасықшылар ансамблінің, «Барабаншылар» тобының, сондай-ақ өзбек және күрді этномәдени бірлестіктері өнерпаздарының өнерін тамашалады.
Келесі алаңшада «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №17 балабақшаның түрлі этнос өкілдерінен құралған бүлдіршіндері сала өкілдеріне алғыс лебіздерін білдіріп, «Егемен ел» әнін орындады.
Іс-шара одан әрі мерекенің негізгі салтанатты бөлігі өтетін қызыл залда жалғасты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.