«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫНА БАСТАУ БЕРІЛДІ

0 6

Бүгін Достық үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара аталып өткен баршаға белгілі.
Жиын аясында «Қайырымдылық керуені» акциясына бастау беріліп, «Жомарт жан» орталығы әлеуметтік осал топтар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қоржындарын таратты.
Қайырымдылық орталығының төрағасы Жалил Аббосов жиында сөз сөйлеп, акцияның мақсаты мен мәнін түсіндірді. Ол Алғыс айту күніне орай дәстүрлі қайырымдылық акциясының ұйымдастырылып, онда 300-ге жуық азық-түлік қоржыны волонтерлер арқылы қажетті отбасыларға жеткізілетінін айтты. Мұндай игі бастамалар жомарт жандар мен волонтерлердің қолдауымен жүзеге асырылатынын да тілге тиек етті.
Сонымен қатар жиында облыстық ҚХА «Жомарт жан» орталығы жанындағы «БолашақHands» жастар клубының мүшесі Расул Нурматов жастар атынан алғыс айтты. Ол клуб мүшелері волонтерлік қызметке белсенді қатысып, қоғамға пайда тигізуді азаматтық борыш ретінде қарайтынын жеткізді.
Айта кету керек, өткен жылы орталық 30 колледж студентіне жылдық оқу ақысын төлеп, стипендия тағайындаған болатын. Сол студенттердің бірі – Расул Нурматов. Бұл қолдау олардың білім алуына мүмкіндік беріп, болашақ жоспарларын жүзеге асыруына септігін тигізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қайырымдылықтың мәні мен қоғамдағы бірліктің маңызы туралы түсіндіріліп, мерекелік шара ары қарай өз жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.