Жуалы ауданы өсімдік шаруашылығы бойынша бірінші орын алды

0 31

Жамбыл облысында Жуалы ауданы өсімдік шаруашылығы бойынша бірінші орын алды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Жуалы ауданы әкімі Бақтияр Көпбосынов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Бақтияр Бейсембайұлының айтуынша, Жуалы ауданының экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 9 989,1 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 368,0 пайызға орындалды.

Ал өсімдік шаруашылығында 728,8 млн теңгенің өнімдерін өндіріп, нақты көлем индексі 108,8 пайызға орындалды (облыс көлемінде І орын).

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 8 млрд 443 млн 7 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,3 пайызға жетті (облыс көлемінде ІV орын).

Сонымен қатар, мал өнімдері бойынша 2018 жылдың 1 тамызына 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,0 пайызға, сүт өнімі 4,5 пайызға, жұмыртқа 4,0 пайызға пайызға артты. Осының арқасында мал шаруашылығы саласында 7713,2 млн теңгенің өнімдерін өндіріп 103,9 пайызға орындалды. (Облыс бойынша ІV орын).

Ағымдағы жылдың 1 тамызында мал басы 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 12,8 пайызға, қой мен ешкі 8,0 пайызға, жылқы 11,2 пайызға, құстар 6,9 пайызға артты. Аудан бойынша 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 1 402,3 млн. теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 19,4 пайызға артып отыр. (Облыс бойынша ІV орын).

2018 жылдың қаңтар – шілде айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 810,5 млн. теңгені құрап, (2017 жылы 605,3 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 132,3 % пайызға орындалды. (Облыс бойынша ІV орын).

Өнеркәсіп саласында өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 3 469,3 млн. теңге, (2017 жылы 3 045,0 млн. теңге) нақты көлем индексі 107,8 пайызды құрады (Облыс бойынша VIII орын).

Аудан көлеміндегі 49 елді мекендердің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны – 15 елді мекен. Су жүйелеріне ЖСҚ әзірленген Шақпақата, Көлтоған, Қошқарата, Күреңбел ауылдарының жобалары сараптамада қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.